Rainbow тазалау жүйесінің
мүмкіндіктерін үйіңізді
мұқият тазалау үшін пайдаланыңыз
Мүмкіндіктері









Аэродинамика: Қозғалыстағы ауа
Қозғалыстағы ауа шаңды, ұсақ бөлшектерді және т.б. суы бар Rainbow резервуарына жинайды.
Гидродинамика: Қозғалыстағы су
Қозғалыстағы су пайда болатын су құйынының көмегімен шаң мен қоқысты суда жинайды. Ал таза, сергітілген ауа бүкіл бөлмеге таралады.
Rainbow шаңсорғышының стандартты
жеткізілім жиынтығына кіреді.

керек-жарақтар

Еденнің бүкіл ауданын тазалау
- Rainbow Power Nozzle қондырмасы плитканы, линолеумды және басқа да қатты еден жабындарын тамаша тазартады.
- Қуатты айналмалы Power Nozzle щеткасы кірді, үй жануарларының жүнін және ұсақ қоқысты оңай жинайды.
- Айналмалы Active-Edge щеткалары жиектемелер бойындағы қолжетімі қиын жерлерден қоқысты кетіреді. Ал резеңкеленген бампер қабырғалар мен жиһазды соққылардан қорғайды.
- Өте жарық жарықдиодты шамдар шаңсорғыштың алдындағы кеңістікті жарықтандырады, сондықтан сіз бірде-бір дақты жіберіп алмайсыз.

AquaMate щеткасының көмегімен Rainbow мүмкіндіктерін кеңейтіңіз. Судың табиғи қасиеттерін және арнайы AquaMate Carpet Cleaner тазартқыш құралын пайдалана отырып, кең бұрышты айналмалы AquaMate щеткасы талшықтарды көтеріп, кілем жабындысын терең тазартады.
AquaMate щеткасы әрдайым қолыңызда:
- Кәдімгі шаңсорғышпен кетіру мүмкін емес май, сусын дақтарын, сондай-ақ үй жануарлары қалдырған дақтарды оңай кетіреді.
- Жағымсыз иістерді жоя отырып, кілем жабындарын тазартады және қалпына келтіреді.
- Тез кебеді.

RainJet бүріккіші судың табиғи тазалау күшін пайдаланып, плиткадан, линолеумнан және басқа да қатты еден жабындарынан сіңіп қалған кір мен күйені кетіреді. Оның ерекшеліктері:
- Үлкен үй-жайларды тазалауға мүмкіндік беретін тазартқыш құралға арналған дербес резервуар.
- Сіңіп қалған кір мен қоқысты кетіруге арналған ауыстырмалы губкалары мен щеткалары бар қондырмалар.
- Резеңке қырғыш жылдам әрі тиімді тазалауға кепілдік береді және із қалдырмайды.
- Сұйық тазартқыш құралды жағу кезінде нақты мөлшерлеу.

Қолжетімі қиын жерлерді тазалауға арнайы арналған RainbowMate щеткасының көмегімен Rainbow тазалау жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтіңіз. Жатық әрі жеңіл құрылымы, сондай-ақ кіріктірілген электрқозғалтқышы RainbowMate-ке күрделі геометриялы беттер мен бұйымдарды тазалауда тамаша нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
RainbowMate щеткасының өлшемі мына жерлерді тазалауға мінсіз келеді:
- Баспалдақтағы кілем жолақтары
- Жұмсақ жиһаз
- Матрастар
- Көлік салондары

Жылдам жиналатын ыңғайлы MiniJet қондырмасы кілем жабындары мен жұмсақ қаптаманың шағын бөлшектеріндегі кір мен дақтарды сусабынның көмегімен кетіруге арналған.
Ұзындығы 10 фут (3 м) шланг, толтырылатын ыдыс және ажыратқышы бар бүріккіш MiniJet-ке кез келген дақты тиімді кетіруге мүмкіндік береді.
MiniJet қондырмасының өлшемі мына жерлерді тазалауға мінсіз келеді:
- Баспалдақтар мен киім ілетін бөлмелердегі кілем жолақтары
- Шағын кілемшелер
- Дивандар, креслолар және жұмсақ жиһаз
- Үй жануарлары қалдырған дақтар
- Көлік салондары мен кілемшелері

JetPad қондырмасы плитканы, линолеумды және басқа да қатты еден жабындарын тазалауға арналған. Қондырманың еден бетімен жанасу аумағының кең болуы тіпті өте үлкен үй-жайды санаулы минутта тазалауға мүмкіндік береді.
JetPad қондырмасы кір мен шаңды тиімді кетіруге арнайы арналған микроталшықтан жасалған екі рет қолданылатын тазалау майлығымен бірге жеткізіледі. Тазалауды аяқтаған соң, тазалау майлықтарын кір жуғыш машинаға сала салыңыз.
Rainbow шаңсорғышының қуатты ауа ағыны жиналған қоқыстың барлығы шаңсорғышта қалатынына кепілдік береді. Мұндай нәтижеге ешбір басқа шаңсорғыш кепілдік бере алмайды.
- Өлшемдері – 400 х 440 х 450 мм
- Массасы – 5 кг
- Электрщетканың салмағы – 2,95 кг
- Электрқуат сымының ұзындығы – 6,35 м
- Электр шлангының ұзындығы – 2,14 м
- Энергия тұтынуы: негізгі режимде – 800 Вт
- Төмен айналымда – 250 Вт
- Электр желісі – стандартты 220 В, 50 Гц
- Сору режиміндегі су бағанының биіктігі – 125 см-ге дейін
- Сору кезіндегі қуаты – 725 аэроваттқа дейін
- Сепаратор айналымының саны – 32000 айн/мин
- Электрщетка білігінің айналым саны – 9500 айн/мин
- Шу деңгейі (ең жоғары) – 69 дБ-ге дейін
- Ауаны тазарту жылдамдығы – 3,5 м3/мин
- Тазарту дәрежесі – 99,999991%
- Бетті тазарту тереңдігі – 8-10 см-ге дейін
- Колба көлемі – 2,9-дан 4,5 л-ге дейін
Rainbow шаңсорғыштарында халықаралық деңгейдегі патенттерге ие болған бірнеше бірегей технологиялық шешім пайдаланылады.
Аллергиямен күресуге маманданған ASL (Allergy Standards Limited) және AAFA (Asthma and allergy Foundation of America) тәуелсіз шетелдік ұйымдары Rainbow-ды демікпеден және шаңға аллергиядан зардап шегетін адамдарға ұсынады.
Сүзгілеу жүйесінің тиімділігі осы және басқа да ұйымдардың бірқатар сертификаттарымен расталған.

Rexair Rainbow-ды Cadillac, Michigan қаласында шығарады. Зауыттың 100 000 шаршы метрден астам аумағына заманауи ғылыми — зерттеу бөлімі мен кәсіби техникалық тобымыз кіреді.
Rexair Rainbow Cleaning System жүйесін 1935 жылдан бері шығарады. Rainbow шаңсорғыштары әлемнің 103-тен астам елінде сатылады.
Өнімді сату үшін Rexair іс жүзінде әрбір өңірде бар тәуелсіз өкілдерді пайдаланады.
САТЫП АЛУШЫЛАРҒА ЕСКЕРТУ: Rainbow-ды ресми емес сатушыдан сатып алу — қателік.
Rainbow сатып ала отырып, сіз көпжылдық әзірлемелердің, үздіксіз жетілдірудің және бірегей техникалық шешімдердің нәтижесі болған өнімге ие боласыз. Бұдан бөлек, Rexair LLC компаниясы мен жергілікті тәуелсіз ресми дистрибьютор Rainbow шаңсорғыштарына техникалық қолдау көрсетеді. Тек Rainbow шаңсорғыштарының ресми дистрибьюторы/дилері түпнұсқа Rainbow өнімін сатуға және оған техникалық қолдау көрсетуге құқылы.








